Воскресенье
29.06.2025
00:56
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Май 2014  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 47

Клуб "Репортер"

Главная » 2014 » Май » 2 » Жас тілшілер отауы
09:10
Жас тілшілер отауы
Жас тілшілер отауы Бұл жер - талантты балалардың отауы. Бірлік пен ынтымақты алға қойып, журналистиканың қыр-сырын үйренетін, әрі мектептен тыс өз жеке шығармашылығынды жүзеге асыратын, дамытатын орталардың бірі де бірегейі. Аса бір дарындылықты, данышпандылықты қажет етпей, баланың сана-түйсігіне игі жақсы істермен шұғылдануды, жұмылған жұдырықтай болып бағдарлама шығаруды үйрететін ұжым. Негізінен жақсы журналист бұл – нақты әрі шындықты айтып, оны халыққа жеткізетін маман иесі. Ал біз бұл мамамандыққа табан тіредік. Сонымен қатар мінез-құлқы, жүріс-тұрысы әр түрлі жандармен достасып, тіл-табыстық. Бастысы журналистиканың терминдерін жаттап, жадымызға тоқып келеміз. Түсірілім барысында өз-өзіне сеніммен қарау, өзге емес өзіне сену керек екендігіне көз жеткіздік. Ұстазымыздың берген сан-қилы, оңай-қиын тапсырмалары жауаптылыққа үйретеді, оны сезіндіреді. Ал мен бұл ортаға екі жыл бұрын табан тіредім. Шығарманы жақсы жазатыным болмаса, аса бір дарындылығым жоқ еді. Есесіне ұстазым Наталия Николаевна Лещенко көп нәрсеге: батылдылық пен шыншылдыққа, сабырлық пен төзімділікке, адамгершілік пен абыройлыққа үйретті. Нағыз журналистің қандай екенін сол кісіге қарап сезіндім. Сонымен қатар тіл байлығым да өте жоғары деңгейге өрістеді. Біз «Репортер» клубы Твк-6 арнасында жексенбі күндері шығатын «Step up» бағдарламасына арнап көптеген сюжеттер түсіреміз. Жұмылған жұдырықтай болып, қарқынды жұмыс жасаймыз. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында бес ұжыммен жұмыс жасап, сыр тарқаттым. Әр елден жүлделі орындарымен елге оралған Қазақстанның, соның ішінде Семей қаласының талантты жастарымен тіл табысып, шер тарқаттым. Әрине бұл тікелей түсірілім негізінде болған оқиғалар. Ал белгілі бір тақырып жайлы сюжеттерім сан-алуан. Осы жылы «Жаңа жылға» арналған бағдарламада ақшақар кейпіндегі басты жүргізуші болсам, «22 Наурыз» мерекесіне арналған бағдарламада тағы да басты жүргізуші болып, бірнеше сюжеттерді жарияладым. 2013 жылғы «Наурыз» мерекесі атты сюжетте Идалия Искакова екеуіміз «қазақ ертегілерінің» түп-мақсатын екі тілде көрермендерімізге жеткізген едік. Өте сәтті шыққан бағдарламардың бірі болды. 2 жылда 16 бағдарламаға түстім. Әрқайсысына ерекше ыждахаттылықпен дайындалдым. Өткен жылы спектакль негізінде түсірілген «қоян» атты бағдарламада орыс тілінде панда кейіпіндегі аңның рөлін мүдірмей ойнап шықтым. Сол жылы тәжірбиемнің аздығынан болар өте қобалжыдым. Есесіне көп нәрсеге қолым жетіп, тәжірбиені молынан жинадым. Екі жыл бойы білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұстазыма, «Клуб репортер» мұғалімдер ұжымына деген алғысым шексіз. Бастысы бұл ұжымның ғұмыры ұзақ, білімі жоғары болғай. Тек бұл оқушы мен оқытушының арасындағы сенімге байланысты екені сөзсіз. Аида АХМЕТБЕКОВА, №19 мектеп, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының «Репортер» клубы .
Просмотров: 642 | Добавил: педагог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]