Понедельник 14.07.2025 18:45 |
Приветствую Вас Гость Главная | Регистрация | Вход | RSS |
Календарь |
---|
« Май 2012 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | |
|
Клуб "Репортер"
Главная » 2012 » Май » 21 » Жас Ұландағы жас әскерлер
10:44 Жас Ұландағы жас әскерлер |
ШҚО Семей қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас-ұлан» ерлер лицейі 1995 жылы облыс әкімінің шешімімен және білім беру департаментінің бұйрығымен ашылған мемлекеттік білім беретін интернаттық үлгідегі әскери мамандыққа бағытталған білім мен тәрбие беретін мемлекеттік мекеме.
Бұл мекеме 1995 жылдан бастап Республика бойынша ұл балаларды 10 жастан қабылдауды жүзеге асырған алғашқы және жалғыз оқу орны. Бүгінде ерлер лицейі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қарамағында. Лицейде білім беру жүйесі 5-11 сыныптар аралығында жүргізіледі. Лицейдің директоры: Құрмаш Окасов.
Лицей мұғалімдері әрқашан шығармашылыққа апаратын оқу әдістерінің түрлерін жетілдіріп отырады, осыдан ұландардың оқуға деген қызығушылығы артады.Ұландар тек спорттық және әскери жағынан ғана емес өнер жағынан да жақсы дамыған. Жыл сайын Республикалық, облыстық және қалалық жарыстардың жүлдегерлері. Жыл сайын бұл лицейде талаптылар білімдерін шыңдайды, ал лицейді бітірген түлектер жоғарғы оқу ордаларына түсуде. Лицей туралы айтсақ, өте әдемі және әр сынып жаңа заманға сай жабдықталған. Жас ұландар тамақтанатын асхана, демалатын орындары және спорттық үйірмелер бар. Осы және басқа да қызықты ақпараттармен бөліскен Ермек Бауыржанұлына алғысымызды айтамыз және командир Александр Тверьитинов «Жас Ұлан» лицейін жақсы танып білсін деп ғимаратты аралатып шықты, сондай-ақ көптеген сыныптарға кірдік. Сыныптарда сабақтары да өте қызықты және тартымды өтеді екен. Ұландардың өзіндік әнұрандары мен тулары және Ұландар мен офицер- оқытушылар құрамы үшін арнаулы киім формасы енгізілген. Ал «Жас Ұлан» туралы толығырақ білгіңіз келсе, үстіміздегі жылдың 26-мамыр күні сағат 11.00-де орталық алаңға келіп білімдерін шыңдаған ұландарды көрулеріңізге болады. Біздің ойымыз «Қазақстан Республикасына қызмет етемін»деген ой әр азаматтын жүрегінде патриоттық сезіммен болуы тиіс!
Семей қаласы, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының
«Репортер»клубы
Аида ЕРЕЖЕПОВА, Еңлік АХМЕТҚАЛИ
|
Просмотров: 961 |
Добавил: педагог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|