Семей қаласы өзіндік тарихы бар, ұлы тұлғалардың мекені. Осындай қасиетті жер, әрине, талапты да талантты жас балғындарға бай. Сондай жас балғындардың бас қосып, шығармашылықтарын ұштап, өнерлерін дамытатын қара шаңырақтың бірі және бірегейі қаламыздағы балалар мен жастардың шығармашылық сарайы болып табылады. Бұл сарайда талапты балаларға барлық жағдай жасалған. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында көптеген үйірмелер, секциялар жұмыс істейді. Олардың барлығы да әр түрлі бағытта жас таланттарды жан- жақты етуге өз үлесін қосады. Салауатты өмір салтын ұстанудың бірден бір жолы ол спортпен шұғылдану. Сарайда бокс, каратэ, жүзу, кикбоксинг, бодибилдинг сияқты спорт секциялары бар. Жас спортшыларамыз тек қана сарайымыздың, қаламыздың ғана намысын қорғап жүрген жоқ, сонымен қатар ел намысын халықаралық үлкен жарыстарда абыроймен қорғап, көзқуанышымыз атануда. Қазіргі заманда оқушының мектептен кейінгі үлкен өмірге қадам басу үшін үлкен дайындық қажет. Балалардың ұшқыр қиялын іске асыру үшін сарайымызда техникалық құрал- жабдықтар, яғни ұшақ, тікұшақ сияқты заттарды жасауды үйрететін ұлдарға арналған үйірме жұмыс жасаса, қыздарға арналған әр түрлі киім үлгілерін жасап, оны көрермендерге ұсынатын қолөнер, дизайн үйірмелері жұмыс жасауда. Тағы да балалар мен жастардың шығармашылық сарайында ерекше орны бар клубтың бірі «Репортер» клубы. Бұл жерде балалар журналистика атты үлкен саланың қыр сырын оқып, біледі. Мақала жазу, дұрыс сөйлей білумен қатар бұл клуб жергілікті телеарнадан «Step up» бағдарламасын әр апта сайын көрермендерге ұсынады. Менің осы клубтың мүшесі болып жүргеніме міне 3 жыл болды. Біз әр аптадағы бағдарламаларымызда түрлі қоғамдық мәселелерді, балалармен қатар үлкендерге де қызықты болатындай етіп сценарийлер жазуға тырысамыз, әр бағдарманың алдында үлкен ізденісте боламыз. Міне, ұлы тұлғалардың қасиетті мекенінде еліміздің ертеңгі күнінің ашық болатынын дәлелдейтін жас талапты балалардың, ел болашағының өсір келе жатқандығын көре аламыз Рыскул ТУРУСПЕК
|