Воскресенье 29.06.2025 22:32 |
Приветствую Вас Гость Главная | Регистрация | Вход | RSS |
Календарь |
---|
« Май 2011 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | |
|
Клуб "Репортер"
Главная » 2011 » Май » 25 » Тәуелсіздік сағаты мәңгі соқсын!
13:05 Тәуелсіздік сағаты мәңгі соқсын! |
Тәуелсіздік сағаты мәңгі соқсын! Тәуелсіздік- таң нұры ол шуақты, Қырда өскен қыр гүліндей сияқты, Бізге әрқашан шуақ шашып тұратын Жарқыраған күннің көзі сияқты. А.Әбілқасымов. Егеменді ел атанып, жеке республика ретінде әлемге танылған еліміз дәл бүгінгі күні беделімен биігіне жету жолында біршама белдеулерді артқа тастағаны белгілі.Осындай еркін ел болу қашанда біздер үшін арман еді. Міне, Құдайға шүкір! Көкте сұңқар, жерде тұлпар...,бірлігі жарасқан бейбіт елде өмір сүрудеміз. Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болмағаны анық. Ол ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы аңсап келген арманы еді. Еркіндік біздер үшін кешегі жастардың, бүгінгі ағалардың қанымен келді, сол желтоқсан оқиғасы егемендікке жетуіміздің бір нышаны. Қайрат, Ләззат сынды аға- апайларымыздың қасіретімен, көз жасымен келген еркіндік. Олар ел есінде мәңгі қалуы керек. Келер жыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы.Осыған орай қаламызда көптеген іс шаралар өтуде. Осындай шаралардың бірі Балалар мен жастар шығармашылық сарайының мектепке дейінгі тәрбие «Бөбек» студиясының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсідік ертеңіміз арайланып таңы атқан» атты мерекелік қойылымы. Студия тәрбиеленушілері тәрбиеленушілері 4 жастағы «Еркетай», 5 жастағы «Қуаныш», 6 жастағы «Балдырған», «Қызғалдақ» атаулы 5 топтан тұрады.Бұл кездесуді халықаралық ән байқауларының женімпаздары, «Айналайын» ән студиясының тәрбиеленушілері Думан Бақберген «Қазағым-ай» Мадина Абулғалиева «Қайсар қазақ» атты әнімен ашты. «Еркетай» тобының балдай тәтті тілдерімен Отан туралы жырлар мен әндері ерекше орындалды. «Балдырған» тобының ұлдары «Солдат болам мен ертең» атты әнді нағыз ел қорғаушы солдаттар сияқты, нақышына келтіре отырып айтты. Ал қыздары ерке, нәзік болғандықтан «Айгөлек» әнін бақытты балалық шақ кейпінде көрсетті. «Қуаныш» тобы әр ұлттың киімдерін кие отырып «Достық» әнін орындады.Әр өнерпаз достық аясында барлық ұлттар бірігіп бір шаңырақ астында татулықта, бейбіт өмір сүріп жатқанын айқындағандай болды. «Қызғалдақ», «Балауса» топтары ел туралы, жер туралы, туған өлке жайында өлеңдер оқып, қазағымыздың көк байрағын биікке көтеріп «Жаса Қазақстан!» деп ұрандады. « «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, кішкентай бөбектеріміз болашақта мықты, білімді, өнерлі азаматтар болады деген сенімдеміз» деп, осы кездесу жайында «Бөбек» студиясының ән-күй сабағының ұстазы Касимова Ләйлә Алтайқызы өз пікірін білдірді. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылының 20-жылдық мерекесіне орай тоғызқұмалақ ойыны бойынша қалалық сайыс өтті.Сайыс қортындысы бойынша 1-орынды ұлдар арасынан 1995ж. Самарханов Дамир №3 интернаты,1996-1998ж. Жақұп Жұлдыз №34 мектеп, 1999-2000ж .Шамшурин Диас №37 гимназия, 2001ж аралығынан Сағымбеков Заңғар №37 гимназиясынан иеленсе,қыздар аралығынан 1995ж. Сихымбаева Гульнұр №37 гимназия,1996-1998ж. Гаисаева Батима №3 интернаты, 1999-2000ж.Қайырбергенқызы Айнұр №3 интернаты,2001ж.Ерболқызы Ақерке №3 интернаты 1-орынға ие болды. Бас төреші үйірме жетекшісі Парфиевич Леонид,басхатшы Смагулов Нұрзат. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры мықты, еліміз тыныш, жас ұрпақ бақытты болсын. Әр біреуіміз Отанымыздың одан әрі дамып, көркеюіне өз үлесімізді қосайық. Тәуелсіздік сағаты мәңгі соқсын! Мақпал АХМЕТБЕКОВА, «Репортёр» клубы. Балалар мен жастар шығармашылық сарайы
|
Просмотров: 1107 |
Добавил: Наталия_Лещенко
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|