Суббота
19.07.2025
07:47
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Апрель 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 47

Клуб "Репортер"

Главная » 2012 » Апрель » 18 » ҚҰПИЯ ҒАРЫШ ӘЛЕМІ!
09:28
ҚҰПИЯ ҒАРЫШ ӘЛЕМІ!
12 сәуір бүкіл әлемдік авиация мен космонавтика күні. Космонавтика күні – естен кетпес күн, ол 12 сәуір күні атап өтіледі. Ол күн адамның ең алғаш рет ғарышқа ұшқан күні. 1961 жылдың 12 сәуірінде, КСРО – ның ғарышкері Ю.А. Гагарин «Байқоңыр» космодромынан «Восток» атты ғарыш кемесінде әлемдегі ең бірінші ғарышкер болып, Жер шарын айналып өтті. Кеңес үкіметі кезінде, бұл күн – КСРО – ның Президиумының жоғарғы үкіметінің бұйрығы бойынша, 1962 жылдан бастап, 12 сәуір – Ғарышкерлер күні деп атап өтілуде. Содан бері қазіргі ғарышкерлер Ю. Гагариннің жасаған ерлігін жалғастыруда. Қазіргі уақытта Тоқтар Әубәкіровты еліміз – қазақтың ең бірінші ғарышкері деп таниды. 2011 жылдың 2 сәуірінде Кеңес үкіметінің ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 20 жыл толды. XXI ғасырға аяқ басқалы бері, біздің ғарышкерлер қуантарлық жетістіктермен таңғалдыруда. Қазіргі уақытта ғарышкерлер, бірнеше ғарыш техникасымен Жер шарын айналуда! Ештеңеге қарамастан, Қазақстан аумағында – Әлемдегі ең бірінші космодром орналасқанымен, оның өз ұлттық ғарышкерлері болған жоқ. Бірақ, шынымен де, қазақтың ғарышкерлері Әубәкіров пен Мұсабаев деп айтылды. Иә, расында да, 1991 жылдың күзінде Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан кезі деп пайымдалады. Ал оның көмекшісі – Мұсабаев болды. Бірақ, олар ғарышқа ұшқан уақытта, Қазақстан өз тәуелсіздігін әлі алмаған еді. Әубәкіров те, Мұсабаев та сол кезде КСРО азаматтары болды. Сондықтан Әубәкіровты Кеңес үкіметінің соңғы ғарышкері деп айтқанымыз дұрыс болар. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев осыған сай, өздерін Қазақстан Республикасының бірінші және екінші ғарышкерлері екенін мойындады. Совет үкіметінің былайша айтқанда батыры, КСРО – ның еңбек сіңірген ұшқышы, Халықаралық «Жыл ұшқышы» атты премияның лауреаты, А. И. Микоян атындағы ОКБ фирмасының шеф – пилоты , Валерий Мешецкий «Моя небесная жизнь» яғни «Менің әуедегі өмірім» атты кітабында Тоқтар Әубкіров туралы бір бөлім жазған. Сол бөлімдегі үзіндіде ол былай деген: «Тоқтар Әубәкіров ол – ҚАЗАҚ. Ол жеткілікті бойшаң, кең иықты, денелі болған. Авиация үшін оның бойы – 1.80 болған деседі. Ал дене бітімі өте жақсы болған. Тоқтардың мінезі ауыр, салмақты және сабырлы болған. Міне, осы мінезімен нағыз қазақ екенін дәлелдеді», деп жазған екен. Ғарышкер болу оңай емес. Ол кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ал Тоқтар Әубәкіров қазақтың тұңғыш ғарышкер батыры. Сондықтан Тоқтар Әубәкіров қазақтың мақтанышы болып, біз осы кісілердің ерлігімен мақтана аламыз! Айгерим ТУРЫСБЕКОВА, Семей қаласы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы «РЕПОРТЕР» клубы
Просмотров: 2347 | Добавил: педагог | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
1 сабрина  
0
жок кызыксыз

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]