Воскресенье
29.06.2025
05:10
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Май 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 47

Клуб "Репортер"

Главная » 2011 » Май » 25 » Перизат сұлу -Көркем батыр
12:22
Перизат сұлу -Көркем батыр
Перизат сұлу -Көркем батыр

Жақсы жігіт - аспандағы жұлдыз
Жақсы қыз – жағадағы құндыз,-
деп халқымыз айтқандай, өнегелі қызымызбен, үлгілі ұлымызға ерте заманнан бастап ерекше мән беріліп келді, себебі қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз иманды болса ол мемлекетіміздің басты байлығы болып саналмақ. Қазіргі заманда мемлекетіміз дамып, жастарымызға түрліше іс – шаралар ұйымдастырылуда, сол тәрізді, ақпан айының 18 жұлдызында Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында, Заитов Алмас Рифхатұлының ұйымдастыруымен «Перизат сұлу – Көркем батыр» байқауы болды. Бұл байқау негізінен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналды, және оның негізгі мақсаты ұжымдастар арасында қарым - қатынасты нығайту, жастарымызды өнерге, шығармашылыққа шақыру болып табылды. Сайыстың басты ерекшелігі болып табылғаны, оған ұстаздарымыз ат басын бұрып, өз өнерлерін көрсетті, және олар өздерін ғана танытып өткен жоқ, сонымен қатар мектептерін де байқатты.
Осы байқауға 22 мектеп қатысуға өтініш берген болатын, бірақ іріктеуден тек 7 мектеп қана өтіп, «Перизат сұлу – Көркем батыр» атану үшін, өз өнерлерін ары қарай жанкүйерлер мен көрермендерге паш етті . Байқау ІІІ турдан тұрды, ұстаздарымыз әрбір турда өздерінің таланттарын біліммен байланыстырып баршамыздың көңілімізден ерекше орын алды. «Таныс болайық» атты І турда ұстаздарымыз өз – өздерін таныстырды, біреулері қасиетті домбырамен шығып танысса ,екіншілері ән айтып, би билеп , өлең жолдарын оқып танысты. «Ал тамашалаңыз» атты ІІ турда , көрермендердің дидарларынан езу кетпеді десек қателеспеспіз, тек езу ғана емес, сонымен қатар Отанға деген сүйіспеншілік өрби түсті. Мысалы :№22 мектеп ұстаздары «Біздің ағай тамаша» әнін айтып, бірер минуттың ішінде шағын қойылым қойылса, №35 мектеп ұстаздары киелі шаңырақтың үстінен көк байрақ туымызды желбіретті. Ал соңғы және шешуші «Білгенге – маржан» атты ІІІ турымызда қатысушыларымызға бір минут аралығында сұрақ қойылып, ұстаздарымыз бір – бірінен қалыс қалмай жауаптарын лезде беріп отырды. Байқау соңында қатысушыларымыз наминациялармен марапатталды, ал №35 мектеп ұстаздары Сулейменов Б.М. және оның жұбы Өміртаева Э.А. «Перизат сұлу – Көркем батыр» атағын жеңіп алды. Негізінен осы байқауға қатысқандардың барлығы да жеңімпаздар, себебі бастысы жеңу емес қатысу емес пе?
Қазіргі заманда ұлдарды тәрбиелей отырып жер анамызды тәрбиелейміз, қыздарды тәрбиелей отырып ұлтымызды нақыштаймыз. Еліміздің көркейіп дамуы, болашағымыздың жарқын болуы , біздің ХХІ ғасыр жастарының қолында. Сол үшін де жолбарыстай қайратты, арыстандай айбатты болайық құрметті ағайын!

Жұлдыз Жекенова
клуб «Репортёр»
СМПИ І курс студенті
Просмотров: 1513 | Добавил: Наталия_Лещенко | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]