Вторник 08.07.2025 17:32 |
Приветствую Вас Гость Главная | Регистрация | Вход | RSS |
Календарь |
---|
« Май 2011 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | |
|
Клуб "Репортер"
Главная » 2011 » Май » 25 » Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
14:22 Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ |
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында ақпан айының 25 жұлдызында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс өтті.
Қазақ, шіркін, мақал – мәтелдерге бай ел емес пе? Сонау көне заманнан бері халықтың тұрмыс – тіршілігін, ой – санасын білдіретін мақал – мәтелдер. Ата- бабаларымыз өздерінің сөздерінде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарып, мақал – мәтелдерді байланыстырып сөйлеген. Ал қазіргі жастарымыз мақал – мәтелдерді сөз арасында қолдана ма деген сұраққа біз жауап тапқандаймыз. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының бұқаралық ұйымдастыру жұмыстарының бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Төлепберген С.Ә. ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайысы өтті. Бұл сайыстың басты мақсаты – дейді Самат Әскерғазыұлы - оқушылардың ой – өрісін, тіл байлығын дамыту, отансүйгіштікке баулу. Сайысқа 6 – 8 сыныптарынан 1 баладан құрамында 3 оқушы бар топ қатысты. Сайыс 3 сыннан тұрып, әр сында қатысушыларымыз білімдерімен, тапқырлықтарымен көзге түсіп отырды. «Мақал – мәтел» атты І сайыстың өзі 3 турдан тұрып, әрбір тур өзіндік бір ерекшелік болды, І турда оқушылар мақал – мәтелдерді бір минут ішінде айтып үлгеру керек болса, екінші турда мақал – мәтелдерді жалғастырып үлгерулері шарт болды. «Жұмбақтардың шешімін табу» атты ІІ турда көрермендердің өздерін ойландырып тастады десек қателеспеспіз, себебі жұмбақты шешу әр адамның қызығушылығында. Ал соңғы және шешуші «Жұмбақтың шешіміне қарай мақал – мәтелмен жауап қайыру» атты сайыста қатысушылар өздерінің тапқырлықтарын дәлелдеп шықты. Байқау соңында әрбір топ орындарға иеленіп, бас жүлдені Шәкәрім атындағы №5 оқушылары Арай Молдрахмет, Ажар Әнуарбекова, Әйгерім Қасымбекова алды. Қатысушылар үшін бұл сайыс үлкен сабақтардың бірі болды. Салт – дәстүрімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін осындай байқаулар көп бола берсе игі үсінен игі болар еді, себебі сайыста тәрбиелік, тілге деген құрметтілік байқалып тұрды. Қазақ елі ары қарай дамуы сіздер мен біздердің қолымызда, сол үшін де тату – бірлікті, тәрбиелікті сақтайық ағайын!
Жұлдыз ЖЕКЕНОВА Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы клуб «репартёр» СМПИ І курс студенті
|
Просмотров: 2835 |
Добавил: Наталия_Лещенко
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|