Воскресенье 29.06.2025 18:05 |
Приветствую Вас Гость Главная | Регистрация | Вход | RSS |
Календарь |
---|
« Май 2011 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | |
|
Клуб "Репортер"
Главная » 2011 » Май » 25 » Мектеп аруы 2011
|
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайрандаған, «Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дегендей,аналарымыз мәпелеп, үкі тағып , үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман – Шолпан сұлулықтың пірі емес пе?! Сол тәрізді, арасына бір ай өткізбей жатып 2011 жыл да өзінің Семей қаласынан мектеп аруын тапты десек қателеспеспіз. Ортаға он қызды сылқылдатып сынаған халқымыз, арулардың сұлулығына, өнерлерімен әдептіліктеріне ерекше мән беріп, аруды көз қиығын сала отырып таңдады. Әрине әр қыз өзінің инабаттылығымен, сөйлеген сөздерімен бір - бірінен қалыс қалған жоқ, бірақ сайыс болған соң да арасынан жалғыз қыз ғана «2011 жылдың мектеп аруы» аттағын жеңіп алды, ол Семей қаласының аруы Ажар Жұмабекова ,өзінің білімімімен, ата – бабасын қастерлеген сөзіменен осы атаққа ие болды. Бұл біз үшін үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. Сайыс болса, төраға болады демекші, төрағаларымызды айтып кететін болсақ, олар: Заитов Алмас Рифхатұлы, Абай театрының актрисасы Әсел Талғатқызы өздерінің бар білгенін қатысушыларға айтып отырып, қыздардың қылықтарына сай наминацияларды анықтады. Әр қыз өздеріне берілген наминациялар бойынша ризашылықтарын білдіріп те үлгерді.. Ал сахнанын сәнін келтірген жүргізушілерміз Балауса Саятбекқызы мен Әйгерім Мұратқызы көрермендерге әзіл айтып, нәзік – үнді дауыстарменен қыздарды ортаға шақырып отырды. «Отбасның алтын қазығы – әйел адам» демектей, он мектептен келген аруларымыз өздерінің мектептері қандай үлгі – өнеге беретінін танытты. Көрермендерді шаттықтандыру үшін «балалар және жастар сарайының» тәрбиеленушілері өнерлерін аянбай ортаға салды. Бұл байқау тек қана сол сахнада тұрған қыздар үшін ғана емес, сол жерде дауыстары жер жаратын жанкүйер қыздар үшін де, артымыздан келе жатқан сіңілдеріміз үшін де үлкен дәрежелі сабақ деп санаймын. Себебі байқау барысында қазақтың әдет – ғұрыптары, наным – сенімдері айтылды. «Тарих болмай – келешек болмас» деп қазекем айтпақшы қазақтың әдет – ғұрыпын әр қыз, әрбір жан білу керек, сонда ғана қазақ аты одан да әрі дамып, өсіп – өркендеп, жетістіктерге жете береді. Белгілі ғалым Ризауддин Ибн Фахруддиннің қыздар жайлы осылай депті: « Қыздары тәрбиелі болған халық – тәрбиелі, қыздары тәрбиесіз болған халық – тәрбиесіз, қыздары үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса – халық бай, ал жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса – халық пақыр, кедей болады», - деген екен. Ғалымның айтқан сөзінде жан бар да, себебі қыз бала ғана әлемнің анасы бола алады, сол үшін де қыздарымыз одан да әрі жайнап, гүлдей құлпыра берсін! Қыздарды құрметтейік – ағайын!
Жұлдыз Жекенова СМПИ І курс студенті «Репартёр» клубы
|
Просмотров: 749 |
Добавил: Наталия_Лещенко
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|