Вторник
01.07.2025
00:44
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Май 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 47

Клуб "Репортер"

Главная » 2011 » Май » 24 » Мектеп аруы 2011
12:41
Мектеп аруы 2011
2011 жылы , қаңтардың 28 ші жұлдызында Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 - жылдығына орай << МЕКТЕП АРУЫ - 2011 >> жас арулар сайысы болып өтті .
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жадырап жайраңдаған жазық далам,
« Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,
-деп қазақ халқымыз айтқандай , ерте заманнан бері қыздарға ерекше мән беріліп келе жатыр.
Қазірде мемлекетіміз жарқын болу үшін де қыздарға арналған түрліше іс – шаралар , ақыл - кеңестер ұйымдастырылуда. Сол тәрізді балалар мен жастардың шығармашылық сарайының бұқаралық – ұйымдастыру жұмыстар бөлімі ару қыздарымызға сайыс ұйымдастырды. Бұл байқаудың басты мақсаты : Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін анықтау , олардың дамуына жол ашу ,эстетикалық тәрбие ,әртістік қабілетті анықтау ,олардың дамуына көмектесу ,мектеп ұжымдарын ұйымшылдыққа шақыру . Сайыстың талабы бойынша әр мектептің 10-сыныбынан бір қыз бала қатыса алады . Байқаудың іріктеу туры , Қаңтардың 18 күні өтті. Іріктеу барысында 10 арудың сынға түсетіні мәлім болды . Олар : Зарина Кадырбаева № 38 орта мектеп , Айгерим Берікболова №34 орта мектеп , Ажар Жұмабекова №16 орта мектеп , Бахытнұр Қыдырбекова № 39 орта мектеп , Аяулым Айдаболова № 22 орта мектеп , Нұргүл Абигузинова № 30 орта мектеп , Мадина Жанпеисова №47 орта мектеп , Лаура Аубакирова №36 орта мектеп , МөлдірКасимова №42 орта мектеп , Еркенай Малапова № 17 орта мектеп . Өнер сайысы ( ән , би , күй , т.б. ) . 2 . Интеллектуалдық сайыс ( берілген жағдаяттар шешімін табу ) . 3 . Кешкі киім үлгілерінің көрсетілімі. Қатысушы арулар осы сайыстардан өту керек болатын. Залдың іші лық толған қолдаушы жанкүйерлар мен әр мектептен келген ұстаздар. Аруларымыз көрермендер мен жанкүйерлерді, өз өнерлерімен тамсандырыпта, таңғалдырып та отырды . Өз өнерлерін ортаға салып, халықтың алдына шығып үйренген арулар біраз қобалжысада, олардың көңілінен қуаныш белгісі байқалды. Байқау басталмастан мен осы байқаудың қатысушы аруларынан, туындаған сұрақтарыма байланысты жауап алуға тырыстым. Әңгіме барысын ешқандай бояусыз сіздерге ұсынуды да жөн көрдім.
Тілші : Өзіңді таныстырып өтсең ? Мен Аубакирова Лаура , № 36 орта мектептен , осы сайысқа келіп отырмын
Тілші : Лаура ,Сенің ұлттық нақыштағы қазақ көйлегін таңдауыңа не себеп болды ? Әлде әділқазылар алқасын өнеріңмен таңғалдырасың ба ? Лаура Аубакирова : Мен әділқазылар алқасын ақындық өнеріммен , және де өзімнің дайындаған биіммен таңғалдырамын деген ойдамын . Қазір қобалжу үстінде шығарсың ? Сенің кезегің келеді дегендей ? Лаура Аубакирова : Әрине , бұл үлкен сайыс болғандықтан ,қобалжу үстіндемін, біраз толқып та тұрмын. Рахмет , саған сәттілік тілеймін !
Тілші : Бұл байқауға қай мектептен келдің ? Өзіңді таныстырып өтсең? Мен , Жұмабекова Ажар № 16 орта мектептің , 10 сынып оқушысымын . Ажар, сенің осы байқауға нешінші рет қатысуың ? Ажар Жұмабекова : Бірінші рет қатысуым !
Тілші: Мектеп аруы сайысына бірінші рет қатысуың болса,қазір сен қобалжу үстінде шығарсың ? Ажар Жұмабекова: Иә , иә әрине ! Толқыныш сезімі де , қуаныш сезімі де бар !
Тілші: Ажар саған осы " Мектеп аруы 2011 " жас арулар сайында тек қана сәттілік тілеймін ! Кезек жанкүйерлерге де келді :
Тілші:Айдана сенің ойыңша , осы "Мектеп аруы " жас арулар сайысының қатысушысы қандай болу қажет ? Айдана : Ол біріншіден ақылды , екіншіден білімі жоғары , ақылы көркіне сай , әдемі де , тапқыр ,ару болу керек деп ойлаймын !!!
Тілші : Твк 6 телеарнасында болатын , жастарға арналған << Step up>> бағдарламасын білетін шығарсың ? 13 ақпан күні болатын бағдарламамыз, "Әулие Валентин " күніне арналғандықтан, сенің дос - құрбыларыңа тілерің болса ?
Айдана : Мен осы мейраммен жастарды , бір - біріне ғашық жандарды құттықтаймын ! Оларға тілейтінім махаббатары болаттай берік болсын ! Қолға қонған бақ құсын ұшырып алмасын дегім келеді !
Тілші : Мектеп аруы 2011 жас арулар сайысынан , өзің жалпы не күтесің ?
Айдана: Әділ жеңісті күтемін !
Мен аруларымызды қолдау үшін келген жанкүйерлермен ,сұхбаттасу барысында байқағаным , олар өздерінің құрбыларына , осы сайыста тек қана сәттілік тілеп , жылы лебіздерін білдірді. Көрермендер де пікір алмасып , сайыстың қызықты да, тартымды өтіп жатқаны жайлы айтты .Әділқазылар алқасының құрамында, балалар мен жастар шығармашылық сарайының бұхаралық ұйымдастыру жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Заитов Алмас , осы шығармашылық сарайдағы "Альянс" ән студиясының жетекшісі Нұрлан Тутунов болды. Әділқазы мүшелеріне нақты шешім қабылдау оңайға түскен жоқ . Дегенмен, сайысқа түскен 10 арудың ішінен , Т.Ы Аманов атындағы № 16 орта мектептің Ажар Жұмабекова топ жарып шығып , "МЕКТЕП АРУЫ" атанып , бас жүлдені иеленді . Өз мектебінің намысын қорғап келген қалған аруларда жүлдесіз қалған жоқ. "Ең ақылды ару", "Парасатты ару ", "Бұрымды қыз" , "Өнерлі ару" және де т.б номинацияларға ие болды . Балалар мен жастар шығармашылық сарайының бұқаралық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, осы байқаудың әділқазы алқаларының бірі, Заитов Алмас Рифхатұлынан , байқау соңында , жалпы сұрақтарыма жауап іздестіріп көрдім :
Тілші : Мектеп 2011 жас арулар сайысында , сіздерге жеңімпазды анықтау оңайға түсті ме ? Алмас Заитов : Жаңағы , Мектеп аруы 2011 деп аталған байқауға , әр мектептің өнерлі деп тапқан , сүйкімді деп тапқан ,қыз балалар келді .Олардың деңгейі бірдей дәрежеде деуге болады . Өзіне берілген тапсырманы дер кезінде орындап , ұқыптылықпен орындап ,тапқырлық көрсете білген , арулар шықты ойлаймын . Жалпы , осындай өнерлі де , талантты жастардың ішінен жеңімпазды анықтау оңай емес .
Тілші : Осы сайыстың қатысушыларының ішінде , сіздерді өз өнерімен таңғалдырған кім болды ?
Алмас Заитов : Менің ойымша бұл байқауда , ең бірінші ұлттық нақышқа көңіл бөлетін болсақ , ұлттық нақышта басын сыңсумен бастап , ары қарай ақындық шеберлігімен танылған , (егер қателеспесем) , № 22 орта мектептің Аяулым Айдаболова атты өнерпазы өз өнерімен таңғалдыра білді .Жалпы , жеке өнер көрсету барысында , екі қыз баланың би өнеріндегі шеберліктері қатты байқалды . Олар № 42 мектептен Мөлдір Касимова ,және де № 30 мектептің оқушысы Нұргүл Абигузинова .Олар өздерінің өнерлерімен таң тамаша етті .
Тілші : Осы аруларды іріктеу барысында , әділқазылар арасында келіспеушіліктер болды ма?
Алмас Заитов : Бұл байқаудың талабының бірі , іріктеп алған адам бір басқа ,ал байқаудағы қазылар алқасында басқа адамдар болды .Сондықтан біздің арамызда келіспеушіліктер болған жоқ .
Тілші : Біздің бүгінгі бағдарламамыз Әулие Валентин күніне арналған , сіздің жастарға тілеріңіз болса ?
Алмас Заитов : Шыны , керек мен жалпы Әулие Валентин күнін жөн қабылдамаймын ! Бірақ бұл мейрам қазіргі жастардың ,әдетіне ,өзінің бір ғұрпына айналып кеткен болса керек . Сол себепті мен жастарға тек жақсылық және де әдемілік тілеймін . Сулулыққа , әдемілікке , құштарлық болсын !!!
Тілші:Сұхбатыңызға рахмет !
Алмас Рифхатұлы: Өзіңе де рахмет. Талабыңа нұр жаусын!
Асель Алимгазина «Репортер» клубы
Балалар мен жастар шығармашылық сарайы .
Просмотров: 1627 | Добавил: Наталия_Лещенко | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]