Воскресенье
29.06.2025
22:44
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Май 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 47

Клуб "Репортер"

Главная » 2011 » Май » 24 » Еркеайым-2011
12:40
Еркеайым-2011
Еркеайым - 2011
Балалар мен жастар шығармашылық сарайында бірінші сынып
қыз балалар арасында дәстүрлі «Еркеайым» байқауы болып өтті. «Еркеайым» байқауы дәстүрлі болса да, оның талаптары жыл сайын заман ағысына байланысты өзгертіліп отырады.
Биылғы жылы да сондай өзгерту «Ана көмегі» аталған
бөлімде айқын байқалады.Сахнада өнер көрсеткен «Еркеайымдар»
бұл бөлімде аналарымен бірге шығып бағдарлама тақырыбына
байланысты экраннан көрсетілген белгілі суреттерге қарап
әңгіме құрастырды.Ал тақырып еліміздің тәуелсіздігінің
20 жылдығына арналғаны белгілі.
«Өнерліге өріс кең» бөлімі өнер сайысы болғандықтан қатысушы ән айту не болмаса би билеу арқылы көрермендерге бар өнерлерін тарту етіп ,ұсынуы тиіс.
Келесі бөлім «Әжемнің ертегісі» деп аталады.Бұл бөлімде сынға түскен еркеайымдар бір сәтке болса да қиял-ғажайып ертегі әлеміне саяхат жасай отыра сүйікті кейіпкерлерді сомдап шығуы керек болатын.
«Білімді мыңды жығар» бөлімі сұрақ-жауап ретінде болып өтті.
Қатысушы берілген ұяшық нөмірін таңдап сол ұяшықта
жасырылған сұраққа дұрыс жауап беруі керек.
Байқаудың женімпаздары:№22 орта мектептің оқушысы Жазира Мұқаш , №8 кешен орта мектебінің еркеайымы Айым Түсүпжанова.Ал байқаудың қалған қатысушылары көптеген номинацияларға ие болып,естелік ретінде бағалы сыйлықтармен,алғыс хаттармен марапатталды.
Сынға түскен еркеайымдар сахна төрінде гүлдей жайнап,залда отырған әр көрерменің жүрегіне зор қуанышты әсер қалдырды.
Айнұр ҚОҢЫРОВА,
«Репортёр» клубы.
Просмотров: 708 | Добавил: Наталия_Лещенко | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]